Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (Жоба) (2003 ж. 30 мамыр) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенiм бiлдiрiлген (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.

5. Шетел мемлекеттерiне бюджеттік кредиттер республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiледi және мемлекеттік кредиттер болып табылады.

Шетел мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасы алдындағы қарызы мемлекеттік кредит бойынша негiзгi қарызды құрайды.

6. Бюджеттік кредиттi беру кредиттiк шартты (келісімдi) және бюджеттік кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудi растайтын құжаттарды ресiмдегеннен және тiркегеннен кейiн жүзеге асырылады.

Шетел мемлекеттерiн бюджеттік кредиттеу қарызшы кредит шартына (келісімiне) мiндетті күш беру үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік рәсiмдi өткiзген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бюджеттік кредит беру кезiнде қажеттi құжаттар тiзбесiн бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қаржылық рәсiмдер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен белгiленедi.

181-бап. Бюджеттік кредиттi пайдалану

Заемшы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама паспорты мен кредиттiк шартта (келісімде) көзделген мақсаттарға пайдаланады.

Заемшы бюджеттік кредиттi мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершiлiктi көтередi.

182-бап. Бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету

1. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету - бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарызшының кредиттiк шартқа (келісімге) сәйкес негiзгi борышты, сыйақыны және басқа да төлемдердi өтеуге төлемдер төлеудi жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi органның қызметi уақтылы жүзеге асыруы.

Негiзгi борыш - ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасын ескермей алынған және өтелмеген кредит (негiзгi борыш) сомасы.

2. Негiзгi қарызға қызмет көрсету - кредиттiк шарт (келісім) шарттарына сәйкес, белгiлi бiр уақыт кезеңiнде сыйақы, өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi.

Берешек - бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне (кредиттiк шартқа) сәйкес мерзiмi келген, қарызшы төлемеген төлемдер сомасы.

3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттік кредит аударылған күннен бастап оны толық өтеген күнге дейiн бюджеттік кредит бойынша негiзгi қарыз сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргiзiледi.

4. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттiк шартта (келісімде) белгiленедi.

Сыйақыны есептеу үшiн жылына 360 күн және айына 30 күн есепке алынады.

Төлем мерзiмi басталған кезде қарызшы негiзгi борыш және сыйақы бойынша ақшалай қаражатты тиiстi бюджетке төлем тапсырмасымен аудару арқылы кезектi төлемдердi жүзеге асыруға мiндетті.

5. Бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету төлемдердiң мынадай кезектiлiгiмен жүзеге асырылады:

өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептеу;

сыйақыны есептеу;

негізгi қарызды өтеу.

183-бап. Бюджеттік кредиттердi өтеу

1. Бюджеттік кредиттi өтеу кредиттiк шартқа (келісімге) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі қарызды қарызшының төлеуi (қайтаруы).

2. Бюджеттік кредиттер қарызшыларының кредитормен немесе сенiм бiлдiрiлген (агентпен) келісім бойынша кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруға құқығы бар.

Кредиттiк шарттың (келісімнiң) талаптарын қарызшы бұзған жағдайда немесе тапсырма шартына (келісімiне) сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттiң) бюджеттік кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқығы бар.

3. Қарызшыда бюджеттік кредит бойынша берешек пайда болған жағдайда немесе тапсырма шартына (келісімiне) сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттiң) сенiм бiлдiрiлген (агент) заңдармен белгiленген тәртiппен кредитті қайтаруды қамтамасыз ететiн шаралар қабылдайды.

4. Бюджеттік кредиттердi өтеу жөнiнде берешектi өтеу шотына өндiрiлiп алынған мүлiк заңдармен белгiленген тәртiппен сатылуға және/немесе мемлекеттік меншiкке қабылдануға тиiс.

5. Бюджеттік кредиттi өтеу шотына мемлекеттік меншiкке қабылданған мүлiктi бағалау тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.

6. Бюджеттік кредит бойынша берешектi өтеу шотына мүлiктi мемлекеттік меншiкке қабылдау кезiнде кредитордың талаптары мүлiктiң құны сомасымен тоқтатылады.

7. Бюджеттік кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органда берешек пайда болған немесе оны бюджеттік кредиттiң мақсатты мiндетiне пайдаланбаған жағдайда кредитор жергiлiктi бюджет шотынан берешек сомасын немесе Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен мақсатты мiндетi бойынша пайдаланылмаған соманы есептен шығаруды жүзеге асырады.

41-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және заемшыны ауыстыру

184-бап. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау

1. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау - тараптардың келісімi бойынша бюджеттік кредиттер талаптарының өзгеруі.

2. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiм қарызшының қаржылық жай-күйiн талдау негiзiнде, қарызшыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiнде жоспар болған жағдайда қабылданады.

3. Қайта құрылымдау:

негiзгі борышты өтеу және/немесе сыйақыны төлеу мерзiмдерiнiң өзгеруі;

бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы мен өзге де төлемдер жөнiнде берешектi капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.

4. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы ?кіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жанындағы бюджеттік консультациялық-кеңесшi органның оң қорытындысы болған кезде әрбiр кредиттік шарт (келісім) бойынша кредитор шешiмiнiң негізiнде жүзеге асырылады.

5. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау көп дегенде біp рет жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бюджеттік кредитi қайта құрылымдау кредиттiк шартқа (келісімге) қосымша келісімге қол қою арқылы ресiмделедi.

185-бап. Бюджет кредитi бойынша қарызшыны ауыстыру

Бюджеттік кредит бойынша қарызшыны ауыстыруға кредитор шешiмiнiң негiзiнде кредит шарты (келісімi) тараптарының келісімi бойынша жол берiледi.

Қарызшыларды ауыстыру қарызды аудару арқылы, оның iшiнде өндiрiлген (көзделген) мүлiктi бюджеттік кредит бойынша қарызды өтеу шотына беру кезiнде жүзеге асырылады.

42-тарау. Талап мерзiмiнiң ескіруі, бюджеттік кредит бойынша

талаптардың тоқтатылуы

186-бап. Бюджеттік кредиттер бойынша талап мерзiмінің ескiруi

Бюджеттік кредиттер қарызшыларына кредитор талаптарына туыну мерзiмiнiң ескiруi қолданылмайды.

187-бап. Бюджеттік кредит бойынша талаптардың тоқтатылуы

1. Бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі кредитордың талаптары қарызшылар кредиттiк шарт жөніндегі мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаған кезде тоқтатылады.

2. Бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі мiндеттемелердiң орындалмаған бөлiгiндегі кредитордың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заемшыны тарата отырып тоқтатылады.

3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес кредитор талаптарының тоқтатылуы заңдарда көзделген мiндеттемелердi орындауды бағалау жөніндегі рәсiмдер алдын ала жүргiзiлгеннен кейiн:

республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңының негізiнде;

жергiлiктi бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша мәслихаттың шешiмi негiзiнде тоқтатылады.

43-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу

188-бап. Бюджеттік кредиттердi бақылау

1. Кредитор және/немесе сенiм бiлдiрiлген (агент) бюджеттік кредиттi мақсатты пайдалануға және ол жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң болуына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бақылау жүргiзедi.

Бюджеттік кредиттi мақсатты және тиiмдi пайдалануға жергiлiктi жерлерде тексерулердi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асыруы мүмкiн.

2. Бюджеттік кредиттi мақсатты мiндетi бойынша пайдаланбау фактiсi анықталған жағдайда кредитор немесе сенiм бiлдiрiлген (агент) заемшыдан кредиттiң заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттiк шартта (келісімде) белгiленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндiрiп алады.

189-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингi және есепке алу

1. Тиiстi бюджеттерден бepiлeтiн бюджеттік кредиттер бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тiркеуге, есепке және мониторингке алынуға тиiс.

2. Жергiлiктi бюджеттерден ұсынылатын барлық бюджет қаражаттары жасалған кредиттер шарттары (келісімдерi) туралы, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша бюджеттік кредиттердi нақты ұсыну, қызмет көрсету және өтеу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлiгi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның орталықтанған есебiне алынуға тиiс.

3. Кредиторлар заемшылар мен сенiм бiлдiрiлген (агенттердiң) кескiндiсiнде барлық ұсынылған бюджеттік кредиттердің тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Бюджеттік кредиттердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

11-бөлiм. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік қарыз алу және борыш

43-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік қарыз алу және борыш

туралы жалпы ережелер

190-бап. Осы бөлiмде қолданылатын ұғымдар

Осы бөлiмде мынадай ұғымдар қолданылады:

аваль - вексельдiк кепiлгерлiк, оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндетті басқа тұлға үшiн вексель бойынша төлем (толығымен немесе бөлiкпен) жасауға өзiне мiндеттеме алады;

сыртқы қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидент еместерi, ал қарызшы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қарым-қатынастары;

iшкi қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резиденттерi, ал қарызшы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз-қарым- қатынастары;

банк кепiлдiгi - қарызшы белгiленген мерзiмде қарыз туралы шарт (келісім) бойынша өзiнің есептелетiн соманы төлемеген жағдайда бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттік емес берешектi өтеу жөніндегі банктiң мiндеттемесi;

мемлекет кепiлдiк берген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгі бар, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

мемлекет кепiлдiк берген қарыз - ол бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес қарыз;

мемлекеттік қарыз - қарызшы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары болатын қарыз қарым-қатынастары;

мемлекеттік борыштық бағалы қағаз - қарызшы Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын, қарыз қарым-қатынастарында оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын борыштық бағалы қағаз;

ақша рыногы - қысқа мерзiмдiк (бiр жылға дейiн) таратылатын қаржы құралдары;

қарыз туралы шарт (келісім) - оған байланысты қарызшы қарыз қаражатын алатын және қарыз берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде міндеттемелерде болатын құқықтық қатынастарды тiркейтiн құжат;

қарыз берушi - мемлекет кепiлдiгiне мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды ұсынған Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидент емесi;

қарыз алу - қарыз қаражатын тарту қажеттiгі туралы шешiм қабылдау, қарыз тарту тәртібі мен шарттарын белгiлеу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және кепiлдiк беру, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және оларға қол қою, қарыз шартын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезiнде), тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерiн қамтитын процесс;

мемлекеттік кепiлдiктердi ұсыну лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, оның шегiнде Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң кепiлдiгi берiлуi мүмкiн тiркелген сома;

жергілiктi атқарушы орган борышының лимитi - жергiлiктi атқарушы органның алынған және өтелмеген қарыздарында тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджетте бекітілген, берiлген күнге (қаржы жылының аяғына) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуi тиiс тiркелген сома;

үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң берiлген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеу тиiс алынған және өтелмеген үкiметтiк қарыздардың тiркелген сомасы;

борыш мониторингi - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн бақылау жөніндегі үкiметтің өздерiнiң уәкiлетті органы арқылы қызмет;

мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарызшы болатын қарыз қарым-қатынастары;

сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы - рынок жағдаятына байланысты өзгерістерге ұшыраған сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар жөнiнде кредиттер, қарыз немесе кiрiс бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы;

борышқа қызмет көрсету - қарыз алу шарттарынан туындайтын уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегі комиссиялық сыйақының (мүдденiң), айыппұлдар мен өзге де төлемдердi жиынтықты төлеу;

қарызды өтеу - қарызшының қарыз берушiмен белгіленген шарттармен (келісімдермен) алынған сомаларды қайтаруы (өтелiмi), белгiленген тәртiппен басқа да борыш болатын мiндеттемелердi орындау;

бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі шараларымен келісілген орындау шарттарымен олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкiне ұсынған қарыздары;

үкiметтік борыш - Қазақстан Республикасы алған және өтемеген, сондай-ақ заң актілерімен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң белгілi бiр күнге борыштық мiндеттемелерiнiң борышына жатқызылған мемлекеттік қарыздар;

мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарын бiрiншi иеленушiнiң азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау арқылы иелiктен шығаруы;

мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - жаңадан қарыз алу қаражаты есебiнен мемлекеттік борышты өтеу;

қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімi бойынша қарыз туралы шарт (келісім) бойынша мiндеттемелердi өздерiнiң орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуi;

Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орналасқан жерi Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ орналасқан жерi Қазақстан Республикасы мен оның шегiнен тыс жерлердегi олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;

негізгi борыш сомасы - қарыз берушiге алынған және қайтарылмаған қарызды ол бойынша комиссиялық сыйақының (мүдденiң) және айыппұлдардың есептелген сомасын есепке алмастан өтелуге тиiстi сома.

191-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекет кепiлдiк берген қарыз алудағы қарыз алуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдарымен реттеледi.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.

3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде дербес, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген шектеулердi есепке ала отырып жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы емес.

Мемлекеттік емес заемдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен заңды тұлғалардың тартылуы мүмкiн.

Мемлекет кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың қарыз туралы шарт (келісім) нысаны болуға тиiс.

192-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлерi мен нысандары

1. Мемлекеттік қарыздар қарызшыға қатысты:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;

3) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздары болып бөлiнедi.

2. Несие капиталының рыноктарына қарай мемлекеттік қарыздар:

мемлекеттік сыртқы қарыздар;

мемлекеттік iшкi қарыздар болып бөлiнедi.

3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:

мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар эмиссиясы;

қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасасу болып бөлiнедi.

4. Мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар қолданыстағы мерзiмiне қарай:

1) 1 жылға дейiнгi өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, қысқа мерзiмдiк;

2) 1 жылдан 5 жылға дейiнгi өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, орта мерзiмдiк;

3) 5 жылдан асатын өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, ұзақ мерзiмдiк болып бөлiнедi.

Мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамасыз нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар талап етушiге құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының (мүдденiң) тiркелген және тiркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.

193-бап. Мемлекеттік борыш

1. Мемлекеттік борыш - белгiлi бiр күнге алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы, сондай-ақ заң актілерімен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен - жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге белгiленген борыштық мiндеттемелер.

2. Мемлекеттік борыш мемлекеттік iшкi және сыртқы борышты қамтиды.

3. Мемлекеттік iшкi борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің және жергілiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының қарыз берушi резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттік iшкi қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлiгi.

4. Мемлекеттік сыртқы қарыз - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының қарыз берушi резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлiгі.

194-бап. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік қарызды өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелерi

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету жөнiнде мiндеттiлiкте болады.

2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн өздерiнiң борышын өтеу және қызмет көрсету жөнiнде мiндеттiлiкте болады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi қарыз берушiге негiзгi борышты қайтарған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi толық көлемде төлеген кезде орындалған болып есептеледi.

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілiктi атқарушы органдар тиiсiнше үкiметтiк борыш және жергiлiктi атқарушы органдардың мониторингін борышты қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.

195-бап. Мемлекеттік борышты басқару

Мемлекеттік борышты басқару мыналарды қамтиды:

1) алдағы орта мерзiмдiк кезеңдегi мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн ондағы көрсеткiштердi үкiметтік борышты және жергiлiктi атқарушы органдар борышын өтеудiң, және қызмет көрсетудiң, лимиттің, мемлекеттік кепiлдiктердi ұсынудың белгiленген көлемдерiне сәйкес айқындай отырып жыл сайын бағалау және болжамдау.

Алдағы орта мерзiмдiк кезеңдегi мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн жыл сайын бағалау мен болжамдауды әзiрлеудi бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспары, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемдерi мен құрылымы негізiнде жүзеге асырады;

2) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында бекітілген үкiметтiк борышының лимитiн және мемлекеттік кепілдiктердi ұсынудың лимитiн айқындау;

3) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiн айқындау;

4) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік заемдарды тiркеудi, мемлекеттік қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету борыш мониторингiн жүзеге асыруы;

5) борыш құрылымын оңтайландыру жөнiндегі, оның iшiнде борышты мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегі, эмитенттiң ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарды сатып алуы мен сатуы жөнiндегі, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу қатерін басқару жөніндегі шараларды әзiрлеу мен iске асыру.

196-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттік борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен берiлген және кепiлдiктер бойынша төленген ақша сомалары туралы мәлiметтер ашық болып табылады және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган статистикалық есеп беру нысанында тоқсан сайын ресми жариялауы тиiс.

44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы

197-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алу мақсаттары

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Yкіметі бюджетiнiң профицитi кезiнде үкiмет қарызын қайта қаржыландыру үшін қарыз алу жүзеге асырылуы мүмкiн.

198-бап. Үкiметтiк қарыз алуды жүзеге асыру

1. Қазақстан Республикасының қарыз алуы Қазақстан Республикасынан Үкіметі белгiлеген тәртiппен:

1) қарыз алудың қаржылық шегiн белгiлеу;

2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;

3) ұсынылған үкiметтiк қарыздардың тiзiлiмiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан заемдар тартуды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз немесе мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар түрi туралы әрбiр жекелеген шарты (келісімi) бойынша шешiмi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар эмиссиясының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осындай бағалы қағаздардың эмитентi болып табылады.

199-бап. Үкіметтiк қарыз алуды шектеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алуы тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген үкiметтiк қарыз лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге бағытталған бюджет қаражаты көлемiнде шектеледi.

200-бап. Үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң борышын өтеу және қызмет көрсету, олардың айналысқа шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында сатып алуды тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында көзделген бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырады.

45-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы

201-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру мақсатында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.

3. Жергiлiктi атқарушы органның қарыздары бойынша алынған қаражаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару тәртібімен аталған мақсаттарға пайдаланылады.

202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттік қарыз алуы жергiлiктi атқарушы орган борышының белгiленген лимитiмен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге бағытталған жергiлiктi бюджет қаражаты көлемiмен шектеледi.